Данияда АҚШ-тың Гренландияға қатысты жоспарына қарсы наразылық өтті

/uploads/thumbnail/20260118102321454_big.webp Reuters

Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау жөніндегі мәлімдемелеріне қарсылық білдіріп, көшеге шықты.

Наразылық акциясы елдің екінші ірі қаласы – Орхус қаласында өтті. Митингке гренландиялық отбасылар, азаматтық белсенділер және жергілікті тұрғындар қатысты. Жиналғандар «Гренландияға қол сұқпаңдар!» және «Американы елден кетіру керек!» деген ұрандар жазылған плакаттар көтерді.

Шеру барысында қатысушылар Гренландияның саяси болашағын тек осы аймақтың халқы ғана айқындауы тиіс екенін атап өтті. Олардың айтуынша, аралдың тағдыры сыртқы саяси мүдделердің құралына айналмауы керек.

Сонымен қатар митингке қатысқандар Дания үкіметі өз аумағынан ешқашан бас тартпайтынын және Гренландияның егемендігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейтінін жеткізді.

Акция бейбіт түрде өтіп, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар