Ресей АҚШ пен КХДР арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170811193835319_small.jpg

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Вашингтон мен Пхеньян арасындағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ойымша, жағдай күреске дейін барса, қауіпті сызықтан бірінші болып мықты әрі ақылды тарап бас тартады», – деді ресейлік министр «Мағыналар территориясы» жастар форумында.

Айта кетейік, КХДР билігі тамыздың ортасында америкалық әскерлер базасы орналасқан Гуам аралына ауыр соққы береміз деп уәде берген. Өз кезегінде, Трамп соққы жасалған жағдайда Солтүстік Кореяға жағдайдың ушығатынын, мемлекетте келеңсіз жағдай орын алатынын ескертті.

Қатысты Мақалалар