Пәкістанның Карачи қаласында қару асынған белгісіздер 2 полиция қызметкерін атып кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ассошиейтед Пресс-ке сілтеме жасап.
Жергілікті құқық қорғау мамандарының мәліметі бойынша, шабуылды екі адам ұйымдастырған. Олар мотоциклмен келіп тәртіп сақшыларының қызметтік көлігіне оқ жаудырған. Сөйтіп оқиға орнынан із суытқан. Әзірге қастандықтың артында кім тұрғаны белгісіз. Қылмыскерлерді іздеу операциясы жүріп жатыр.
Карачи портты қаласы – Пәкістандағы ең үлкен шаһарлардың бірі. Сонымен қатар мұнда түрлі қылмыстық топтар шоғырланған. Сондықтан атыс-шабыс жиі тіркеледі.