Йеменде қарақшылар 180 адамды ашық теңізге лақтырған

/uploads/thumbnail/20170812092631909_small.jpg

Йемен жағалауына жақын жерде мигранттар мінген қайықтарда оқыс оқиға болды. Мигранттарды заңсыз әкеле жатқан қарақшылар 180 адамды суға лақтырып, тастап кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.ru-ға сілтеме беріп.

Салдарынан 55 адам жағаға жете алмай қаза тапқан. Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, соңғы күндері мұндай оқиға екінші рет қайталанып отыр. Ал қайықтарда Парсы шығанағының бай елдеріне бет алған Эфиопия мен Сомали азаматтары болған. Мамандар қылмыскерлер күзет кемелерін көрсе, осындай әрекетке баратынын айтады. «Ал тиісті халықаралық заңдардың болмауынан адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысатындарды жауапқа тарту қиын», – дейді. 


Қатысты Мақалалар