АҚШ президенті Дональд Трамп 11 тамыз күні КХДР-ға қатысты жаңа санкцияларды енгізу мәселелерін қарастырып жатқандығын жеткізген деп хабарлайды Лента.ру-ға сілтеме жасап Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Біз КХДР-ға қатысты қосымша тағы жаңа санкциялар енгізуді қарастырып жатырмыз. Бұл санкциялар өте салмақты болады»,-деді Трамп өзінің Нью-Джерсидегі гольф-клубында.
Сонымен бірге, ол Солтүстік Корея мәселесіне қатысты КХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесетінін айтты. Осы орайда АҚШ президенті КХДР-мен арада орнаған қақтығыстың аса қауіпті екенін, алайда оны бейбіт жолмен шешілетініне үміті бар екенін білдірді.