Бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

/uploads/thumbnail/20170812110847634_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, өткінші жаңбыр  найзағаймен  болады, жел күшейіп, бұршақ, тұман дауыл болуы мүмкін, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме беріп.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы ықтимал, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман болады. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде кей жерлеррде жел 18-23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп бұршақ дауыл болуы мүмкін. Солтүстік  Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.  

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінеде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда Ақтөбе облыстарында күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады күші 9-14 м/с күшейеді. Ауаның  температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С болады.                                                                                                                                                  
Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан жел соғады күші 3-8 түнде екпіні 15 м/с. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +22+24°С болады.                                                                                                                                                   

Қатысты Мақалалар