Жамбыл облысындағы полицейлердің қатысуымен төбелес орын алған. Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде кең таралып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жұма күні "ВКонтакте" желісіндегі "Сен үшін, Бәке" қауымдастығының парақшасында аталмыш видео жарияланды.
Бұдан бұрын Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев М. Ж., Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары Үмбетәлиев М. И. және Бектұрғанов Е. О. арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан.
Аталған дерек бойынша "Қастандық жасау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, Үмбеталиевтің жұбайы оны құқық қорғау органдарына өз еркімен берілуін сұрап отыр.