БАҚ: Барак Обама саясатқа оралуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170812120828461_small.jpg

Барак Обама саясатқа қайта оралуы мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттіг. Бл туралы жергілікті The Hill басылымы хабарлады. Басылым тілшілерінің мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың экс-басшысы құрама штаттардағы демократтардың ықпалын қайта қалпына келтіру үшін ел саясатына сырттай араласатын болады.

Обаманың оралуы барынша ұқыптылықпен жүзеге асатын болады. Тілшілер арасында тараған ақпаратқа қарағанда, Барак Обама Дональд Трамп президент болғалы беделдерінен айырылған демократтардың ықпалын қайта өсіруді мақсат етеді. Жалпы, Обама партиялар арасындағы қаржы жұмыстарымен айналысатын болады.

Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, демократтар Обаманы партия басышысы етуді көздемейтін көрінеді. Саяси күреске араласқанымен, оның атқарған ісі жұртшылықтың назарынан тыс қалады.

«Президент тағынан кетсе де, Обаманың беделі америкалықтар үшін жоғары болып қала бермек. Әрі рейтинг көрсеткіші Дональд Трампқа қарағанда жоғары пайызды көрсетті», - делінген басылым хабарламасында.

Барак Обама басшылықтан кеткен соң, отбасымен Франция және Италиияны аралуға шыққан. Демалыс барысында өзінің саяси мансабы турасында естеліктер жазуға кіріскен.

Қатысты Мақалалар