Шілде айының соңында Брексит бойынша Лондон мен Брюссель арасында өткен келіссөздердің бірінші айналымы сәтсіз аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі newsforbreakfast.ru-ға сілтеме беріп.
Бұл жайлы Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің ресми өкілі мәлімдген. Ұлыбритания Еуропалық Одақ алдындағы міндеттемелерін орындағысы келмейтінге ұқсайды. «Цифрларға қатысты айтарымыз біз олармен келіспейміз», – деді Тереза Мэйдің ресми өкілі.
Бұған дейін британиялық үкіметтегі ақпарат көздеріне сүйене отырып, тараптар Еуроодақпен экономикалық қарым-қатынасты әрі қарай дамыту бойынша ортақ келісімге келген жағдайда ғана Ұлыбритания өтемақы төлеуге дайын деп айтылған болатын. Оның ішіне еркін сауда айналымы туралы келісім де кіреді. Ұлыбританияның кейбір саясаткерлері: «Еуроодақтың ортақ нарығынан шығу арқылы мемлекет экономикалық қиындықтықтарға кезіккенімен жаңа көкжиектерге жол ашылып, өзге елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынастар нығаяды», – дейді.