Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау табылды

/uploads/thumbnail/20170814083001213_small.jpg

Эдинбург университетінің бір топ ғалымы Антарктида мұздарының астынан 91 жанартау тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Guardian мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Бұл тізбек әлемдегі ең ірі жанартау белдігіне үміткер. Жанартаудың биіктігі 100-ден 3,85 мың метрге дейін материктің батыс шетінде орналасқан. Оларды екі шақырымдық мұз қабаты жапқан.

Бұл жанартауларды табу үшін ғалымдар ең алдымен құрлықтың мұз астындағы жасырын бетін зерттеген, кейін ғарыштан түсірген суреттерді салыстыра отырып, алынған мәліметттерді бір жүйеге келтірген. Зерттеу экспедициясының мүшесі Роберт Бингэмнің айтуынша, Росса мұздықтарының астындағы теңіз түбінде жанартаулардың әлемдегі ең биік шоғыры орналасқан болуы мүмкін.

Қазір мамандар табылған жанартаулардың қаншалықты белсенді екенін және атқылау қаупін анықтау үшін жұмыстар жүргізуде. 

Қатысты Мақалалар