Мемлекет басшысы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Илья Ильинмен әңгімелесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады.
"Мен өзіне де айтқанмын, ол мен үшін чемпион болып қала береді", - деді Мемлекет басшысы Ильинге.
Қазақстан Президенті "Қазанат" ипподромы аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.