Непалдағы су тасқынынан 49 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170814085950339_small.jpg

Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен қаза болғандар саны 49 адамға жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп. Өкінішке қарай, жергілікті билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп отыр.

Табиғи апатқа осымен бірнеше күн толас таппай жауған жаңбыр себеп болыып отыр. Соңғы мәлімет бойынша елдің орталық бөлігінде 600 саяхатшы ешқайда қатынай алмай, қамалып қалған. Олардың жартысынан астамы – шетелдік саяхатшылар. Барлығы Читван ұлттық саябағына жақын жерге демалуға келіпті. Алайда ақ жауынның кесірінен таяудағы екі бірдей өзен арнасынан тасыған.

Қазір топан судан жапа шеккен аудан халқына полиция қызметкерлері және әскерилермен қатар өзге аймақ тұрғындары да көмектесуге тырысып жатыр.


Қатысты Мақалалар