Сейсенбі күні, 15 тамызда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күн тәртібінде – жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері, сондай-ақ ҚР Ұлттық инвестициялық стратегиясы және Ұлттық экспорттық стратегиясы жобалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен және YouTube арнасынан қараңыздар.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің, сондай-ақ Kazakh Invest және Kazakh Export компанияларының бірінші басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.