Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.
Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.