Қазақстандық әйел Шешенстан президенті Қадыровтан көмек сұрады

/uploads/thumbnail/20170814140517033_small.jpg

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, үлкен әжей Рамзан Қадыровтан Сириядағы қызы мен немерелерін қайтаруын сұрады.

Күйеулерімен қоса, ДАИШ террористік ұйымына қосылып кеткен әйелдердің аналары Шешенстан президенті Қадыровтан көмек сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Грозный қаласының көшелерінде акцияға шыққан шешендердің арасында қазакстандық тұрғын Роза Анаева да бар болып шықты. Розаның айтуынша, қызы Иман Музаева күйеуі және үш баласымен 2014 жылы Сирияға аттанған.

Күйеуі қайтыс болды, ал Иманды балаларымен Сирияда ұстап отырған көрінеді.

Акцияға қатысушы әйелдердің оқиғалары осыған ұқсас. Олардың айтуынша, әскерлер әйелдерді жіберуге дайын, алайда балаларын қалдыруға тиіс екендерін айтқан.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Қадыровтың араласуымен Иракқа алып кеткен 4 жасар Біләл Тагилов елге қайтарылған.   

Қатысты Мақалалар