«АҚШ Ауғанстандағы әскери құрамадан өз жауынгерлерін алып шығуы тиіс», – дейді Ауғанстан бойынша Ресей президентінің арнайы өкілі Замир Кабулов. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
«Мәскеу Ауғанстаннан АҚШ әскерлерін шығаруға асықпайтын сыңайлы. Ақыры АҚШ әскерінің қолынан түк келмейді екен, олай болса Ауғанстаннан да кетсін. Ауғанстандағы америкалық кампания құлдыраудың үстінде тұр», – деді ресейлік дипломат.
Арнайы өкілдің айтуынша, Ауғанстан халықаралық терроризмнің әлемдік инкубаторына айналған.
«АҚШ-тың еңсесі түсіп қалды және кәсіби әскерді жалдамалы әскермен алмастыру – ақымақтық. Бұл әдіс жақсылыққа апармайды, жалдамалылар құр жүгіргеннен басқаны білмейді», – деп қостады Кабулов.
Айта кетейік, АҚШ 2001 жылдан бері Ауғанстанда әрекет етіп келеді. Қазіргі уақытта елде 8,5 мыңға жуық америкалық әскер жүр. Алайда АҚШ-тың араласуынан ешқандай оң өзгеріс байқалмаған.
Бұдан бұрын АҚШ әскери қызметкерлерді жалдамалы әскерлермен ауыстыруды жоспарлап отырғаны белгілі болған. Academi әскери компаниясының басшысы Ауғанстанда 5,5 мың жалдамалы әскерді орналастыруды ұсынған.