Талдықорғанда 168 отбасы «Жилстройсбербанк»-те кезекте тұрғандар мен салымшылар жаңа үй алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл тұрғын үйлер «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Жаңа үйдің кілттерін облыс әкімі А. Баталовпен «Жилстройсбербанк Қазақстан» АҚ төрағасы Ляззат Ибрагимова табыстады.
«Жилстройсбербанк Қазақстан» АҚ төрағасы Ляззат Ибрагимова бұдан былай да тқрғын үйлердің құрылысын дамыту мәселесі бойынша серіктестіктің жалғасатынын атап өтті. Сонымен бірге облыс әкімі мен «Жилстройсбербанк Қазақстан» АҚ төрағасы серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандум бойынша, осы жылдың аяғына дейін 48 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Ал алдағы 2 жылда жалпы 600 тұрғын үй салыну жоспарлануда.