Зармине Зейтунцян: ЭКСПО-2017 көрмесі серіктестік қатынасты орнатуға жақсы

/uploads/thumbnail/20170816185347717_small.jpg

Армения туризмді дамыту саласында белсенді жұмыс атқаруда. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Армения Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу барысында Экономикалық даму және инвестициялар министрлігінің Туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Зармине Зейтунцян мәлімдеді. Ол өз сөзінде табысқа жету үшін туризмді дамыту саласында серіктестік орнатудың қажеттілігін ерекше атап өтті. З.Зейтунцянның айтуынша, трансшекаралық және аймақаралық деңгейге өту туристік саланы жетілдіруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

«Фестивальдық, діни, спорттық, сауықтыру, қалалық және экотуризм тәрізді туризмнің белсенді бағыттарын дамыту жолында Арменияны туристер үшін тартымды ету үшін бар жігерімізді салудамыз. Арменияда таулы (қысқы) және экстремалды туризм дамыған, сондай-ақ  шаңғы мен беккантри туризмдерінің әлеуеті зор. Осы тұрғыда Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бізге серіктестік қатынастарды орнатуға үлкен мүмкіндік береді. Жыл сайын Армениядағы туристік көрікті жерлердің саны көбеюде», - деді Зармине Зейтунцян.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Армения Республикасының көрмеге қатысуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты растайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, туризм және энергетика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығына да тоқталды.

«Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуы заманауи әлем үшін маңызды болып табылады. Өзекті мәселелердің ортақ шешімдерін табу - адамзат үшін маңызды. Қазіргі мұнай дәуірінде «Болашақ энергиясы» тақырыбы барлық мемлекеттер үшін өзекті. Сол себепті, халықаралық қауымдастықтың басты мақсаты -жаңартылатын энергияның жаңа көздерін іздеу болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесі энергетика саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынуға және жаңартылатын энергия көздері саласындағы озық идеяларды жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады», - деді Ерлан Хаиров.

Айта кетейік, биыл 27 тамызда Қазақстан және Армения Республикалары арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толады.  Осы уақыт аралығында екіжақты, аймақтық және халықаралық институттар аясында Қазақстан-Армения ынтымақтастығы айтарлықтай нығайып, кеңейтілді.

Қатысты Мақалалар