Сауд Арабиясында ханзада Бандар бен Фахд қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170817083335979_small.jpg

Сауд Арабиясында король отбасы өкілдерінің бірі Бандар бен Фахд бен Саад Абдель Рахман Әл Сауд сейсенбі күні қаза тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті агенттіктің хабарлауынша, жерлеу рәсімі бейсенбі, 17 тамызда Эр-Риядта өтеді.

Айта кетейік, ол Әл Сауд отбасында осы жылы қайтыс болған үшінші ханзада. Мамырда ханзаданың 90 жасқа келген ағасы Машааль бен Абдель Азиз қаза тапты. Бір апта бұрын жүрек талмасы ұстап 26 жастағы ханзада Сальман бен Саад бен Абдалла бен Түрки Әл Сауд өмірден өткен.

Қатысты Мақалалар