АҚШ саясаткері: «АҚШ пен Қытай арасында экономикалық соғыс жүріп жатыр»

/uploads/thumbnail/20170817093344409_small.jpg

«Қазіргі таңда АҚШ пен Қытай арасында экономикалық соғыс жүріп жатыр, соғыстың соңы АҚШ-тың жеңілісімен аяқталып, қайта қалпына келуі мүмкін болмайды». Мұндай пікірді АҚШ президенті әкімшілінің саяси стратегі Стивен Бэннон American Prospect басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агентігі.

«АҚШ пен Қытай арасында экономикалық соғыс жүріп жатыр. 25-30 жылдан кейін екі мемлекеттің бірі толықтай жеңіске жетеді. АҚШ бағытын өзгертпесе, Қытайдың жеңіске жететіні анық», - деді ол. Сұхбат мәтіні сейсенбі күні басылымның сайтында жарияланды.

«Мен үшін Қытаймен экономикалық соғыс өткізу – АҚШ-тың шаруасы біткенмен тең. Егер біз жеңіле беретін болсақ, 5-10 жылдан кейін нағыз құлдырау сәті орнайды. Ол кезде мемлекетті қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды», - деп ескертті америкалық саясаткер.

Сондай-ақ, Бэннон Вашингтонның экономикалық соғыс барысында 1974 жылы қабылданған Сауда туралы заңның 301-бөлімін пайдалануды көздейтінін айтты. Аталмыш бөлімде көрсетілгендей, мемлекет басшысы халықаралық келісімді бұзған шетелдік мемлекеттермен саяси, заңнамалық және өзге де жағдайлармен күрес барысында кез-келген шараны пайдлана алады. Ал Қытаймен арадағы соғыс сол елде жұмыс істейтін америкалық компаниялардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзу болып табылмақ.

«Қытай бізбен экономикаық соғысты бастады және жеңіс солардың жағында», - деді саяси стратег.   

Қатысты Мақалалар