Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жек алдынды допинг тексерістен өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBC) президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, екі боксшының қанынан да рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған.
Головкин мен Альваресті допингтен VADA ұйымы тексерген.