Жақын арада Қарағанды қаласында «Кино» атты ресейлік тобының әншісі Виктор Цойға арнап ескерткіш орнатылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.
Бұл идеяны наурыз айынан бастап қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қоштап жүзеге асыруға келісімін берген. Идея авторы мен демеушісі - қазақ-корей достығы қоры.
Ескерткіштің ашылу салтанаты 26 тамыз сағат 12-де болады деп жоспарлануда. Қарағандыға алғаш рет Виктор Цойдың әкесі 79 жастағы Роберт Максимович Цой келеді деп күтілуде.