Лингвист маман Джонатан Вашингтон осы тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, қазақ тілінің шығу тарихын тереңірек зерттемек. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттың агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Жас профессор, Суортмор университеті лингвистика кафедрасының доценті Джонатан Вашингтонның қазақ тіліне деген қызығушылығы ерекше. Ол осы оқу ордасында фонетика мен фонологияны зерделеп, компьютерлік лингвистика жасайды.
"УДЗ аппаратымен қарауға болады. Алдымен сұйықтықты құямыз. Осы технология арқылы дауысты дыбыс пайда болады. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл тілдің алдыңғы және артқы бөлігі. «О» әріпін айтқанда алға қарай шығады"-дейді ол.
Қазақстанға 2004 жылы келгенде, Брэндай университетін бітірген кез еді. Түркологияға қызығушылық танытқанымен, дипломдық жұмысын қазақ тілінің ерекшеліктеріне арнады. Магистратурада оқып жүргенінде түрік әлемін терең зерттей бастады.
Джонатан қазақ тілінің латын қарпіне көшуі турасында пікір білдірді. Осы орайда әлемдік тәжірибеге сүйенуге кеңес береді.