Астаналықтарға алаяқтық фактілерден сақ болу ескертілді

/uploads/thumbnail/20170817124840559_small.jpg
Алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігіне байланысты «Елорда даму» ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтындығын және Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыратындығын хабарлайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
«Елорда даму» ЖШС салынған объектілердегі тұрғын үй «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ жасалынған шарттың негізінде бұзылушы апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріле алады, сонымен қатар Астана қаласы Қорғалжын тас жолы 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде тікелей алына алады. 
 
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға «Елорда даму» ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді. Абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер! 

Қатысты Мақалалар