Әйел кісіге өз қолымен құрбандығын шалуына да, сондай-ақ, өзгеге шалдыртқанда қасында қарап тұруына да болады, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Бұл туралы ihsan.kz мәліметіне сүйеніп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.
Бұған дәлел келтірер болсақ, «Әл-Мүстәдрак» атты хадис жинағында келген бір риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.у.) қызы Фатимаға: «Ей, Фатима! Құрбандыққа шалынатын малыңның қасына барып, қарап тұр! Оның қанының алғашқы тамшысы сенің өткен күнәларыңның кешірілуіне себеп болады. Құрбан шалынып жатқанда мынаны оқы: «Сөзсіз менің намазым да, құлшылығым да, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ тағала үшін!»[1], – деп кеңес еткен.
[1] Әл-Мүстәдрак: әл-Адзахи – 3129 баб/7599 хадис.
Абдусамат Қасым