Сирияның Манбидж атты қаласында «Сирия демократиялық күшінің» арабиялықтар мен күрдтер тобы ДАИШ террористерінен бостандыққа шыққандарын атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

Сириядағы Манбидж қаласының мыңдаған тұрғындары 13 тамыз күні өздерінің үйлеріне оралды. «Сириялық демократиялық күштер» тобы АҚШ-тың қолдауымен әрекет еткен.

Соңғы екі айда содырлардан бас сауғалап жүрген Манбидж қаласының тұрғындарына көптеген автокөліктер мен өзге де транспорттар әкелінді.

«Дүкендер қайтадан ашылып, жұмыс істей бастады. Бүгін қаладағы қалыпты өмірдің алғашқы күні», - деп мәлімдеді «Сириялық демократиялық күштің» өкілі Шерван Дарвиш.

Фотоларда көрініп тұрғандай, олар сақалдарын алып, паранджаларын шешіп тастап, өртеп жіберген, өздерінің бостандықтарын осылай тойлатқан.

Содырлардың қолында болған 2000 тұтқынның біршамасы босатылып, кейбіреулері қашып кеткен.

Алайда, Манбиджада бостандыққа қолы жеткен тұрғындардың нақты саны әлі белгісіз.

12 тамыз күні Түркиямен шекаралас жатқан қала толығымен «Сирия демократиялық күштерінің» қолына өтіп, Манбиджадан террористер толығымен қуылған болатын.

Бұл қаланы босату үшін екі ай бойы күрес жүргізілген.

ДАИШ террористер тобы үшін Манбиджа қаласы Ракка азық-түлік жеткізу үшін маңызды орталық болған. Ракка – террористер тобының астанасы болып табылады.