Күн батареясында ұшатын ұшақты ойлап тапқан Бертран Пиккар Астанаға келеді

/uploads/thumbnail/20170817132538610_small.jpg

Күн батареясында ұшатын алғаш ұшақты ойлап шығарушы Бертран Пиккар оныншы «Климатты өзгерту мәселелеріне арналған энергетикалық шешімдер» конференцияның арнайы қонағы болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Конференция 21 және 22 тамызда «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрменің – «Болашақ энергиясы» форумының орталық қызметтік іс-шарасының шеңберінде өтеді. Оныншы конференцияның серіктестіктері LOGA Group және To Do School болады.

Конференцияны жоғары шенді қонақтардың қатысуымен пленарлық сессия ашады. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «KAZENERGY» Қауымдастығының төраға орынбасары Ұзақбай Қарабалин, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов, «KAZAKH INVEST» басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев, ҚР экономикасының вице-министрі Руслан Дәленов, «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абай Мырзахметов, Стэнфорд университетінің Энергетикалық саясат пен қаржыны зерттеу бойынша Стайер-Тейлор Орталығының ғалымы мен оқытушысы Джеффри Болл қатысады деп күтілуде. Жүргізуші Оксфорд университетінің Smith School  тұрақты қаржыландыру бағдарламасының негізін қалаушы Бен Калдекотт болады.

Пиккар мырза «Прогресс және тұрақтылық» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйлейді. Жұбайы Мишельмен бірге Бертран Пиккар Solar Impulse жобасын ойластырды. Solar Impulse үлкен танымалдылыққа ие болды және таза технологиялар мен энергия тиімділіктің пайдасына саяси әрекеттерді ынталандыру мен қоғамның хабардар болуын көтеріп, прогресс пен тұрақтылық үшін платформа болып көрінеді.

Оныншы конференция стартаптарға арналған және жаңа энергетика саласында бизнесін құрастырып жатқан жаңа кәсіпкерлерге бағытталғандығын атап кеткен жөн.

Қатысушыларды жаңартпаларға, кәсіпкерлікке және табысты бизнеске арналған әлемдік білім платформасы, The DO School  координаторлары мен сарапшыларының жетекшілігі астында климатты өзгерту мәселесі бойынша бес тапсырманы шешу үстіндегі топтық жұмыстар күтуде. The DO School болашақ энергиясын дамыту мен жаңа шешімдерді іздеу үшін жетекшілерді, жаңалық табушыларды және саяси көшбасшыларды біріктіреді.

Қатысушылар алдында қала өмірінің жағдайларын жақсартуға және инвестициялар тұжырымдамаларына қол жетімділікке, тұрақты даму саласында жергілікті бастамаларда халықаралық компаниялардың қатысуына жәрдемдесуге, ауылдық аумақтарда жел турбиналарын пайдалануға, сонымен бірге дамыған елдерде жасыл және қайта қалпына келетін энергияны тарату бойынша қоғамдық пікірге ықпал етуге септігін тигізетін бірқатар іс-шараларды жобалау тапсырмалары бар.

Конференция барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылар энергия тиімділік саласындағы жаңартпаларды енгізу мәселелерін, климаттың өзгеру мәселелерін, болашақ энергиясының дамуындағы әлеуметтік мекемелердің рөлін, таза энергетиканы қаржыландыру үлгілерін және өмір сапасына қайта қалпына келтірілетін энергетиканың ықпал ету қырларын талқылайды. Соңында Бен Калдекотт қорытындыларды нәтижелеп, негізгі пікірлерді түйіндейді, олар «Астана ЭКСПО-2017» құндылықтар мен ұстанымдар Манифестіне енгізілетін болады. Құжатта форумның 12 сериясының аралығында жобаланған негізгі ұсыныстар, шешімдер, жаңартпалар мен шаралар  бекітілетін болады. Ол барлық іс-шараның мұрасы ғана болмай, халықаралық энергетикалық ұласудың іргетасына айналады.

 Айта кетейік, «Болашақ энергиясы» Форумы өз жұмысын Астана қаласында 2017 жылы 29 маусымда бастады және қазірдің өзінде  халықаралық энергетикалық ревалюцияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаң ретінде өзін-өзі танытты. Форум шеңберінде жоспарланған 12 серияның 9 өтті. Бағдарлама алуан түрлі және панельді талқылаулардан, пікірталастардан, баяндамалардан, жұмыс топтарынан тұрады.

Қатысты Мақалалар