Ұрпақ парызы – ұлттық құндылықты жаңғырту

/uploads/thumbnail/20170817154129754_small.jpg

19 тамызда Шортанды ипподромында дәстүрлі ат спорты мерекесі өтеді. Биылғы жылы мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына  22 жыл толуына арналатын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шортанды ауданында 6 жылдан астам уақыт аралығында ұлттық ат спорты түрлері бойынша  жарыстар өткізіліп, бүгінде лайықты орынға ие. Ат спорты мерекесін  өткізудің мақсаты  салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде, халық арасында ұлттық және халықтық ат спорты түрлерін кеңінен насихаттау және дәріптеу, патриоттық тәрбие және спорттық шеберлігін арттыру болып табылады.

Қоғамдық сананы жаңғырту процесі  кезінде қазақ халқының әдет-ғұрпы мен  дәстүрлі мәдениетін зерттеу, қайта жаңғырту және қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті дамытуы біздің заманымызда өзекті болып отыр. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналуы жаңғыртудың жетістігінің маңызды шарты екенін атап өтті. Ал ендігі біздің дамуымыздың басты қағидасы – тарихты  және ұлттық салт-дәстүрлерді  ескере отырып ішкі ұмтылысты жаңарту болмақ.

Шортандылықтар мен аудан қонақтарына мәдениеті, өнері және қазақ халқының салт-дәстүрінің, бай тарихы бар  этноауыл ұсынылатын болады,  онда кез келген адам көшпелі өркениеттің этномәдени  ортасына ауысады және ауылдың күнделікті және мерекелік өміріне толық кенеледі.

Этноауылдың ойын-сауық бағдарламалары арасында  ағаш  пен металдан сәндік қолданбалы көрме, бүркітші мен аңшы  иттердің көрсетілімдері, көкпар, бәйге 7 шақырым, құнан –бәйге, жорға жарысы, тоқ–бәйге, аламан-бәйге, аударыспақ, қыз-қуу мен шабандоздардың көрнекі өнер көрсетулері және т.б. өтетін болады. Ұйымдастырушылар жерлестері, күш сынасудан 4 мәрте әлем рекордшы Сергей Цырульниковты да басты қонақ етіп шақыруды ұмытпаған.

Аталған дәстүрлі ат спорты ойындары мерекесінің қатысушыларына сәттілік тілейміз. Ұлттық спортымыз дами берсін!

Қатысты Мақалалар