ЭКСПО қалашығында бүгін Самоа мемлекетінің ұлттық күні атап өтілді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі expo2017astana.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан ел энергетикалық қажеттіліктерінің 20 пайызын баламалы қуат көздері есебінен өтеп отыр. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткіземіз деген нақты жоспарлары бар.
Олардың айтуынша, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселелерді әлем халқы тек бірлесіп барып қана шеше алады. Ол үшін су, күн, желден қуат алу көздерін көбейту керек дейді.