Нидерландтың Хилверсум қаласында пышақпен қаруланған белгісіз бір ер адам NPO 3Fm радиостанциясына басып кіріп, адамдарды тұтқынға алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршап, ер адамды ұстаған. Куәгерлер оның алдымен көшеде бір әйелді қорқытып, содан кейін ғимаратқа кіргенін айтады. Қылмыскер келіссөз барысында тәртіп сақшыларына берілуге көнген.