Қытай сарапшыларының бірқатары некеге тұрмаған жастар мемлекетке қауіп төндіреді деп есептейді. Бұл туралы Sputnik Қытай порталы жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, Қытайда 2015 жылы жалғыз басты жастардың саны 200 миллионнан асқан. Ғалымдардың сараптамасына сәйкес, некеге тұрмағандардың көбі жоғарғы оқу орнын бітірген, табысы мол әрі қалада тұратын жастар болып шықты.
Халықаралық экономикалық форумның дерегінше, бүгінде 35 жасқа дейінгі айлығы жоғары мамандар 20 жыл бұрынғы замандастарына қарағанда керек-жарағына жұмсайтын қаражат көлемі 40 есеге артық. Ғалымдар, бұл қоғамдық мәселе екенін ескертті. Аталмыш факт экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екен.
Қытай Ұлттық Экономикалық Стратегия Академиясының сарапшысы Чжан Ниннің пікірінше, табысы мол әрі жалғыз басты жастардың көбеюі ойын-сауық индустриясында сатылымның артуына септігін тигізгенімен, ел экономикасын шығынға ұшыратады. Оның айтуынша, отбасының қамын ойламайтын жалғыз басты жастар өз карьерасына аса мән беріп, табысын қалай көтерудің жолын іздейді.
«Жалғыз адамдардың көбеюі уақыт өте келе туу деңгейінің төмендеуіне әрі қарт адамдардың өсуіне әкеліп соғады. 10-20 жылдан соң еңбекке жарамды азаматтардың саны азайып, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде қиындық туындайтыны сөзсіз», – деді сарапшы.
Пікір қалдыру