Елімізде алғаш рет СМС-2017 кеңесшілердің V Халықаралық Конференциясы өтуде

/uploads/thumbnail/20170907083621396_small.jpg

2017 жылдың 6-7 қыркүйегінде Астанада алғаш рет басқару бойынша кеңесшілердің V Халықаралық  Конференциясы өтуде. Бұл басқару консалтингі саласындағы аса ірі ғаламдық оқиға. Конференция тақырыбы «Зияткерлік көпірлер: білім, тәжірибе, технологиялар: табыстау, бейімделу және ендіру».

СМС Халықаралық Конференциясы – бүкіл әлемнің кеңесшілерін кәсіптің даму мүмкіндіктері мен саланың мәселелерін талқыға салуға арналған жалғыз алаң. Астанадағы конференцияның бірегейлігі сол – жергілікті компаниялар консалтинг саласындағы бүгінгі трендтер жайлы ақпаратты бүкіл әлемге танымал спикерлерден алып, озат тәжірибе, топтық ақыл-парасат синергиясы мен бірегей шешімдердің синтезінің куәсі, әрі қатысушысы бола алады.                                      

Жыл сайын CMC Global (Менеджмент бойынша кеңесшілер ұйымдарының Халықаралық Кеңесі) ұйымы әлемнің түрлі елдерінде халықаралық конференциялар өткізіп отырады. 2017 жылы конференцияны қабылдаудың жоғары мәртебесі менеджмент бойынша кеңесшілердің Қазақстандық Палатасы - CMC Kazakhstan-ға бұйырды. СМС конференцияларында әлемнің 50-ден аса елдерінің жетекші кеңесшілері кездеседі. Биылғы қатысушылардың жалпы саны 31 елден келген 200-ден аса адамды құрайды.

Астанадағы биылғы конференция спикерлері Қазақстанға Азия-Тынық мұхиттық аймақтан, Еуропадан және Америка континентінен келді.

Қазақстандық орта үшін халықаралық конференцияны өткізудің маңызын CMC Kazakhstan Басқарма Төрайымы Гүлсім Ахтамбердиева атап өтті: «Біз, Қазақстан кеңсешілері, осы конференцияны өткізе отырып, Үкімет пен бизнеске өз құзыреттерімізді алға тартып, бізді әлемдік деңгейде мойындайтынын көрсеткіміз келеді. Қазақстан кеңесшілері ел экономикасына инновациялар кіріктіріп, жаңа технологиялар мен шешімдер ендіргісі келеді, әрі оған шамасы да әбден жетеді. Біздің мамандар ірі компанияларға ақыл-кеңес береді, Қазақстанның шағын және орта бизнесіне көмек көрсетеді. Қазақстандағы ШОБ үлесі, бәріміз білетіндей, елдің ЖІӨ 25% құрайды, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 62% және Жапон елінде 63%».

Конференция тақырыптары:

  • Қызметтерді «зияткерлік көпірлер» құру арқылы, тәжірибе мен зиятты, білім мен технологияларды, инновациялар мен құзыреттерді біріктіру жолымен көрсету;
  • Білімдерді жаңа ортада қолдану және жаңа жағдайларға бейімделу;
  • Консалтинг қызметтеріндегі мұқтаждықтарды бағалау және кеңесшіні таңдауда көмек көрсету;
  • Кеңесшілер құзыреттерін арттыру және ISO:20700 халықаралық стандарты.

Іс-шара әріптестерінің бірі Еуропалық қайта құру және даму банкі қатысушыларға консалтинг саласындағы әлемдік жұлдыздар: Мұстафа Ичиль (Турция) және Эндрю Роджерсоннан (Ұлыбритания) шеберлік сабақтарын алу мүмкіндігін ұсынды. Мұстафа Ичиль, өзінің Microsoft, Google және Apple-дегі тәжірибесіне арқа сүйей отырып, бизнес-талдаманы, ептілікті және клиенттермен қарым-қатынасты жақсарту жолдарымен бөліседі. Эндрю Роджерсон зияткерлік көшбасшылық өнері турасында әңгіме қозғайды. PwC секілді жетекші кеңсешілік компаниялардың үлгілерін жергілікті нарыққа бейімдей отырып, ол шағын бизнес үшін лайықты шешімдерді ұсынады: көбірек клиент тарту және жұмысты жақсырақ жоспарлау және атқаруда жаңа технологияларды пайдалану жолдары. 

Оған қоса, конференция аясында 6 дөңгелек үстел өткізілетін болады, онда CMC Kazakhstan базасында ТМД/Орталық Азия және Моңғолия Аймақтық Хабын құру мәселелері; Бизнес Мектептермен ынтымақтасудың жаңа бағыттары – CMC-Global Academic Fellows жобасы арқылы басқару консалтингіне оқытуға арналған факультеттер/кафедралар ашу мәселесі ортаға салынады. Конференция қатысушыларына «Constantinus Award» - басқару консалтингі сарапшысы Ютака Фукуямадан Кайзен бойынша шеберлік сабағын алу мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар, Жібек Экономикалық Белбеу секциясы мен Жасыл Экономика бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

CMC Global – бұл аймақтық, салалық, корпоративтік тиістілігінен тәуелсіз, бүкіл әлемнің басқарушылық кеңесшілер қауымдастықтарын біріктіретін БҰҰ ұйымы CMC Kazakhstan 2014 жылдан бастап CMC Global-дың нақты мүшесі болып табылады. CMC Kazakhstan – бұл қоғамдық бірлестік, оның алға қойған міндеті: «СМС сертификаттау арқылы менеджмент бойынша Кеңесші – кәсібі мәртебесін арттыру, басқару консалтингінле кәсіпқойлық пен этиканың халықаралық стандарттарын енгізу». Қазақстан кеңесшілері, CMC Kazakhstan мүшелері халықаралық кеңесшілермен бір қатарда тұрады, әрі олармен құзыреттері тең және олармен бірдей бүкіл әлемде танылып, мойныдалатын CMC® – Certified Management Consultant халықаралық сертификатына ие.

Қатысты Мақалалар