Күнде соңғы 12 жылда болмаған қатты жарқыл орын алды

/uploads/thumbnail/20170907100229507_small.jpg

Күнде соңғы 12 жылда алғаш рет қатты жарқыл орын алды. Ол ең үлкен екі күн дақтарының қосылу нәтижесінде пайда болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Лебедев атындағы РАН институтының Күннің рентгендік астрономиясы Лаборатия қызметкерлері мәлімдеді.

«Мұндай қуат тек Күнде ғана болады және де ол өте сирек, бірегей жағдайларда күн белсенділігінің шыңында қалыптасады. Белгілі болғандай, мұндай қатты деңгейдегі жарқыл күн минимумы аясында пайда болды, ғалымдар әлі біршама зерттеулер жүргізіп, анық-қанығына жетуі тиіс», - дейді астрономдар.

Рентгендік қуатына байланысты күн радиациясының жарқылы бес класқа бөлінеді: А, В, С, М және де Х. Ең төменгі класс А0.0 болып табылады, оның қуаты Жер орбитасында шаршы метрге 10 нановаттың сәулелену қуатына сәйкес келеді. Келесі әріпке ауысқанда қуат 10 есеге артып отырады.

Кеше Күнде орын алған жарқыл Х классына тән және де оған Х9.3 деген балл берілді. Ғалымдардың айтуынша, жарқыл Күннің Жерге қарап тұрған бетінде орын алған, сол себепті де оның Жер планетасына әсері көбірек болады. Бұл құбылыстың әсері Жерге, ғарышкерлерге және орбитадағы спутниктерге қалай болатыны белгісіз, сондықтан да ол жайында қандай да бір болжам айту әзірге мүмкін емес.

Мамандардың айтуынша, күн белсенділігінің дәрежесі он баллдық шкаладан асып, 10.3 баллға жетті.

Қатысты Мақалалар