Тәжікстан билігі халықты ұлттық киім киюге SMS арқылы шақырған

/uploads/thumbnail/20170907100318677_small.jpg

Қыркүйектің 6-сы күні Тәжікстанда ұялы байланыс операторларының абоненттері ұлттық киім кию туралы хабарлама алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тәжікстан үкіметіндегі Әйелдер және отбасылық істер жөніндегі комитет аталмыш хабарламаны растады.

«Біз «Тәжіктелеком» компаниясының басшылығы мен өзге де ұялы байланыс операторларына «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты реттеу» туралы заңнама аясында ұлттық мәдениет атрибуттарын сақтауға міндеттейтін ресми хаттар жібердік. Тәжікстанның әр азаматы мемлекеттік тілді біліп, ұлттық киімде жүруі тиіс», –  деді комитет өкілі Махбуба Азимова.

«Ұлттық киімді кию міндеттеледі!», «Ұлттық киімді құрметтеңіздер!», «Ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырайық» –  дәл осындай мазмұнадғы хабарламалар ұялы телефон қолданатын 6 миллион тұрғынға келген.

Ел азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеген «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды реттеу» туралы заңнамадағы түзетулерді Тәжікстан парламентінің  төменгі палатасы 23 тамызда мақұлдаған. «Жеке және заңды тұлғалар ұлттық мәдениет атрибуттарын сақтауға міндетті – мемлекеттік тілді білу және ұлттық киімде жүру», –  делінген заң жобасында.

Қатысты Мақалалар