БҚО ІІД: Үш баланың анасы мәнтіден уланып көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170907115314493_small.jpg

Оралда үш баланың анасы мәнтіден уланып көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап.

46 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Балалардың улануына байланысты іспен ювенальды полиция айналысып жатыр.

БҚО ІІД мәліметіне сүйенсек, отбасы мәнтіден уланған. «Үш баланың үлкені (қыз бала деп болжанды) мәнтінің бұзылып кеткенін айтып, жеуден бас тартқан. Уланған анасы оқиға орнында көз жұмды. Үш бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

БАҚ мәліметтерінше, 25 тамыз күні жедел жәрдем бригадасы 1971 жылғы Орал тұрғынының қайтыс болғанын мәлімдеді. Қайтыс болған әйелдің балалары «ауыр гастроэнтероколит, 2-3 дәрежелі эксикоз, 2-3 дәрежелі инфекциялық-токсинді шок» диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қатысты Мақалалар