7 қыркүйекте Нидерландтың Сауда миссиясы Алматыға бас бұрды, мұнда делегацияның Қазақстанға ресми сапарының соңғы күні өтетін болады. Голландиялықтар Астана мен Талдықорған қалаларында болып, жергілікті фермерлер мен шаруаларға арналған жылыжай технологиялар тізбегі бойынша семинарлар өткізді, жергілікті билік өкілдерімен кездесті, сондай-ақ, қазақстандық қатысушылармен екіжақты бизнес-кездесулерге қатысты. Сауда миссиясының мақсаты – екі ел арасындағы ауыл шаруашылық сектордағы ынтымақтастықты нығайту.
Нидерланд Корольдігі шағын жер аумағы мен аздаған халық санына қарамастан, ауылшаруашылық секторындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні Нидерланд ауылшаруашылық өнімдер шығару көлемі жағынан екінші орында тұрған әлемдік экспортшы, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығындағы көшбасшы ел саналады.
Ауыл шаруашылығы – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көлем жағынан екінші саласы, осы кезде Голландияның ауылшаруашылық саласындағы 40-тан астам компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық жүргізуде. Оған қоса, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін голландиялық бизнесмендер мен қазақстандық шаруалар арасында өзара қызығушылық арта түсті. Қазақстандағы Сауда миссиялары Нидерланд Корольдігі елшілігімен жүйелі түрде өткізіліп тұрады, әрі үлкен сұранысқа ие.
Биылғы жылы Сауда миссиясының бірінші іс-шарасы 5 қыркүйекте Экспо-2017 алаңында өткізіліп, 100 фермер мен ауылшаруашылық саласы мамандарының басын қосты. Іс-шара барысында жылыжай секторының 14 голландиялық компаниясы технологиялары таныстырылды, олардың бірқатары қазіргі таңда Қазақстанмен белсенді түрде ынтымақтасып жатыр.
Жылыжай шаруашылығының тізбегі бойынша екінші семинар, сондай-ақ облыстық әкімдік өкілдерімен кездесу 6 қыркүйекте Талдықорғанда болып өтті. Іс-шараға Алматы облысының 50 шаруасы қатысты. Кездесу аясында әкімдік өкілдері жылыжай саласына фермерлер тарапынан қызығушылық артқанын, және де кейінгі ынтымақтастық үшін инфрақұрылым мен жағдайлардың барын айтты.
Алматыдағы аяқтаушы жиын кезінде Нидерланд Корольдігінің Сауда миссиясы Бүкіләлемдік банк, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі мен Алматы қаласының әкімдігі өкілдерімен кезедеседі.
Қазақстандық және голландиялық жеке сектор арасындағы ынтымақтастық мысалы ретінде Қазақстанда голландиялық технология бойынша жұмыс жасайтын жылыжайлар санының артып жатқанын келтіруге болады. Осындай жылыжай кешендерінің бірі болып голландиялық технология – гидропоника, яғни топырақсыз, құнарлы ерітіндімен жұмыс жасайтын «BRB APK» (Алатау ауданының индустриалдық аймағы, Көк Қайнар шағын ауданы, Алматы облысы) табылады.
Сарапшылардың сөзіне қарағанда, гидропоникада қоректендіруші заттарды сіңіру анағұрлым тезірек жүреді, ал қосымша оттегі тамыр жүйесінің шапшаңырақ дамуына себепші болады. Бұл әдіс қоршаған ортаға әсер етуін және тыңайтқыштардың топыраққа таралуын болдырмайды, сондай-ақ, энергошығынды 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Жылыжайдың екпе көшет бөлімін іске қосу 2016 жылдың қыркүйегінде орындалып, бірінші егін 2016 жылдың қазан айының соңында жиналды. Жылыжайда тыңайтқыштар мен минералдарды автоматты түрде берумен тамшылатып суару жүйесі, әрі қосымша жарық беру, тұмандату және перделеу жүйелері қолданылады. Жоба құны – 7,2 млрд.теңге. 1-маусымда (2016 ж. қазанынан 2017 ж. шілдесіне дейін) 6,8 мың тонна қызанақ пен қияр жиналды. Өнім «NAC Agro» өзіндік брендімен сатылуда.
2017 жылғы сауда миссиясына ірі голландиялық компаниялар қатысуда, атап айтқанда, олардың арасында AltroNova (тұқымдар), Bom Group (дайын жылыжайлар кешені), Celtic Cooling (мұздатқыш және желдеткіш жабдықтар), Certhon (жылыжай кешендері мен жүйелері), Dalsem (жылыжай жобаларын дайындау), Enza Zaden Export B.V. (тұқымдар), Hoogendoorn Growth Management (автоматтандыру жүйелері), Hortilux Schréder (жылыжайларға арналған жарықтандыру), Koppert (өсімдіктерді биологиялық қорғауға арналған құралдар), Philips Lighting Kazakhstan and Central Asia (жарық техникасы және жарықтандыру), Prime Horti Solutions LLP (жылыжайлар және жылыжайларға арналған заттар), Van den Bos Flowerbulbs (гүл баданалары), Van der Hoeven (ауыл шаруашылығына арналған дайын жобалар) сынды компаниялар бар.