Мэнни Пакьяо: Головкин жеңіске жетеді

/uploads/thumbnail/20170907170019192_small.jpg

Әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо бұрынғы қарсыласы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекте кімнің жеңімпаз болатынына болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Канело» өте мықты әрі талантты боксшы, бірақ менің ойымша Головкин жеңіске жетеді», - деді Пакьяо.

Осыған дейін, Хулио Сезар Чавес Головкин - Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңіске жететінін айтқан еді.

«Жақсы жекпе-жек. Бұл жердегі мәселе «Канело» Головкиннің ырғағына тойтарыс бере ме? Меніңше, жоқ. «Канело» жекпе-жек басталғанда GGG-ді таңғалдыра ала ма? Мен соңғы раундтарда Головкиннің жеңісіне тігемін», - деп жазды Чавес Twitter желісіндегі парақшасында.

Қатысты Мақалалар