Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесті

    Aknur Mukhtarkhan
    Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесті

    Б. Сағынтаев БАӘ ПМК басшысы М. Әл-Гаргавимен кездесу өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы Келісім жобасы туралы, сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.
     
    М. Әл-Гаргави Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті мен «Экспо-2017» өткізудің жоғары деңгейін атап өтті және Қазақстанның тәжірибесі Дубай қаласында келесі «Экспо-2020» Халықаралық көрмесін лайықты өткізуге септігін тигізетініне сенім білдірді.Өз кезегінде Бақытжан Сағынтаев өзара қарым-қатынасты дамытудың оң қарқынын атап өтті және қазақстандық тарап оны әрі қарай нығайту мен дамытуға барлық күш-жігерін салады деп сендірді.

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025