Сирияның қарулы оппозициясы Астанадағы келіссөздерге қатысады

/uploads/thumbnail/20170912110307294_small.jpg

Сирияның қарулы оппозиция өкілдері Астанадағы келіссөздердің алтыншы раундына белсенді қатысады деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеген болатын.

«Қазақстанның консулдық мекемелеріне сириялық қарулы оппозиция өкілдері кіру визаларын беру туралы ресми түрде сұраныс жолдады. Бұл өткен жолғыдай сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің келесі раундқа қатысатынын білдіреді», - деді Қайрат Әбдірахманов.  Ол Иорданияға Оңтүстік фронттың атынан және басқа жағынан топтар келетінін айтып өтті. Айтуынша, олар мұның алдындағы келіссөздерге қатысқан және ымыраласу режиміне қосылған.  

Қатысты Мақалалар