Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед латынға көшу ұлтымызға қатысты үш бірдей мәселенің оң шешілуіне септігін тигізетінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Латынға көшу арқылы біз ұлтымыздың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мәселені шешеміз. Біріншіден, ағылшын алфавитінің негізіндегі жаңа қаріп жүйесі жастарымыздың да жасамыстарымыздың да ағылшын тілін меңгеруін жеңілдетеді. Екіншіден, ағылшын алфавиті мен тілін үйрену арқылы ғылым-білімнің осы тілде жасалған мол қазынасын еркін игеруге жол ашады. Үшіншіден, жер жүзіне тарыдай шашылған бар қазақтың басын қосады", – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Сондай-ақ, отырыста "Ақ жол", Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, "Ауыл" және "Бірлік" саяси партияларының жетекшілері сөз алып, латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізді. Іс-шараға қатысқан белгілі ғалымдар мен тіл мамандары да Елбасы бастамасының ел болашағы үшін маңызы зор екеніне ерекше назар аударды. Нәтижесінде демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының Қазақстан халқына арнаған Үндеуі жарияланды.
Пікір қалдыру