Мемлекеттік органдар айыппұлдар туралы халыққа уақытында хабарламайды

/uploads/thumbnail/20171011111900281_small.jpg

Мемлекеттік органдар халықты айыппұл жайында хабарландырмайды, әрі олар әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуда қауқарсыздық танытуда. Осы жағдай ЖСО қызметін қиындата түсіп, оларға деген халықтың наразылығын арттырып отыр. Аталған мәселелер Жеке сот орындаушылары Республикалық палатасының 2017 жыл 9 ай аралығындағы қызметінің нәтижесі талдау коллегиясы кезінде талқыға салынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЖСО Республикалық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, ЖСО әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу міндетін мемлекеттік органдарға жүктеу міндетін тапсыруды ұсынды. Өйткені, олар әкімшілік заң бұзушылық Кодексінде белгіленген айлықтан айыппұл мөлшерін ұстап қалу және басқа да заң бұзушыларына ықпал ету әдістеріне ие.  Мемлекеттік органдар халықты уақтылы хабарландырмағаны үшін, олар ерікті түрде 30 күн ішінде төлеу айыппұл мүмкіндігінің тек қағаз бетінде ғана қалып отырғанына куә болып отыр. «Ауада қалқып тұрған» айыппұлдардың көп болуы да сондықтан,- дейді ЖСО.

Коллегия барысында, 2016 жылы 1 қаңтардан бастап айыппұлдарды мемлекеттік табыс есебіне өндіру жеке сот орындаушылық қызметінің дамуына кері ықпал етуде. Мұндай сипаттағы істерді қарау қаржыны талап ететіндіктен, сонымен қатар олардың көптігінен ЖСО-ға деген қысым арта түсті.

Уақыттың тапшылығы, қысым, табыстың аздығына орай, істердің аталған санатында 9 ай аралығында әкімшілік жауапкершілікке 234 ЖСО тартылды.

Қазіргі таңда, ЖСО портфелінде 2 254 983 өндірістер бар, олардың құны 2 378 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 914 204 құжат (40,5%) 15,3 млрд. теңгені құрайтын  әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу өндірістері. Мемлекеттік бюджетке 5,3 млрд теңге түсірілді.

Қатысты Мақалалар