"Латын қарпiнде диграфты мүлдем жоққа шығаруға мен өз басым қарсымын". Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан жалпы отырыстан кейiн берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Депутат қазiргi ұсынысты да кемел деп айта алмаймын дейдi.
«Жеке басымның пiкiрi, Менделеев кестесiнде уран U-мен берiледi, халықаралық сөздерде университет U-мен жазылады, F әрпi P мен H-тың қосындысы диграфпен берiледi. Сондықтан, диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ. А мен Е-нi қосып қойып, Ә жасаған әрине ақылға қонымсыз. Бiрақ, бастан аяқ үстiне апостроф берудiң да қажетi жоқ. Өте жиi пайдаланылатын әрiптерге апостроф немесе басқа белгiлердi қоса беру адамдарды шатастырады», - дедi Тiлеухан.
Еске сала кетсек, жуырда Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобымен кездескен едi.