Оңтүстік Корея билігі Орта Азия елдерімен сауда байланысын тереңдету мақсатында арнайы агенттік құрды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл бастама Оңтүстік Кореяның аймақтардағы экономикалық қатысын кеңейтуге мүмкіндік бермек.
Аталмыш агенттік – «Корея Республикасы – Орта Азия» ынтымақтастық жөніндегі форум хатшылығы – Оңтүстік Кореяның «Еуразиялық бастама» жобасы болып табылады. Жоба 2013 жылы ел басшылығында Парк Геун-ги болғанда шыққан.
Өз қызметін ресми түрде шілдеде бастаған хатшылыққа Орта Азияның 5 мемлекетінің өкілдері қосылды. Олар – Қазақстан,Қырғызстан,Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан.
Хатшылықтың мақсаты – Оңтүстік Корея мен Орта Азия арасындағы мәдени байланысты нығайту. 1930 жылдардың соңғы шегінде Совет үкіметінің шешімімен 100 мыңға жуық этникалық кәрістер күштеу арқылы Өзбекстан мен Қазақстан елдеріне көшірілген.
Бір айта кетерлігі, Кореяның географиялық қашықтығы, Орта Азия елдерімен ортақ шекарасының жоқтығы, ал Орталық Азия елдері үшін ашық мұхитқа шығатын мүмкіндіктің болмауы - елдің экономкиалық амбициясы үшін басты тосқауыл болып отыр. Мәселен, Қазақстан астанасы Сеулден 4,5 мың шақырым қашқтықта орналасқан.
Халықаралық қаржы қорының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы Оңтүстік Кореяның Орта Азия елдерімен сауда байланысының көлемі Кореяның жалпы экспорт көлемінің 0,33%-ын және импорттың жалпы көлемінің 0,06%-ын құраған.
Ең ірі Корей диаспорасы мекен ететін Өзбекстан аумағы Орта Азия елдерінің арасында корейлік тауарлардың ең ірі импорттаушысы болып табылады. Өзбек аумағында 408-ге жуық корейлік кәсіпорындар жұмыс істейді.
107 мыңға жуық этникалық кәрістер мекен ететін Қазақстанда 200 корейлік фирма жұмыс істейді.
Оның үстіне, Өзбекстан Оңтүстік Корея инвестицияларының ең ірі алушысы. 2013 жылы Сеул Самарқан облысына күн электр станциясын салу үшін бірлескен кәсіпорынға 300 млн. доллар құю туралы шешім қабылдаған. Бір жылдан кейін корейлік ресми тұлғалар газ өндіру және химия өнеркәсібі салаларындағы түрлі жобаларға 5 млрд. доллар көлемінде инвестициялау жоспарда бар екенін мәлімдеген.
Бұдан бөлек Оңтүстік Кореяның ең ірі инвестициялық жобасы Түрікменстан елі. 2015 жылы түрікменстандық Pohang Iron & Steel компаниясының жобасы 1 млрд. долларға бағаланды.