Трамп «үшінші дүниежүзілік соғыс басталады» деген мәлімдемеге жауап берді

/uploads/thumbnail/20171011162923310_small.jpg

АҚШ Президенті Дональд Трамп республикалық сенатор Боб Коркердің ақ үйдің саяси әрекеттері үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келуі мүмкін деген мәлімдемесіне жауап берді,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық көшбасшы: «Біз қазір дұрыс жолдамыз, сеніңіздер»,- деді. Оның айтуынша ақ үйді 25 жыл бойы билеген өзге президенттер «дұрыс жолда болмаған, олар әлем бұрын соңды көрмеген үлкен қасірет жолына бағыттаған».

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын сенат комитетінің сыртқы істер жөніндегі басшысы Боб Коркер: «Дональд Трамптың президент лауазымындағы әрекеттері оның бұрынғы жүргізген «Кандидат» атты реалити-шоуын еске түсіреді. Оның мұндай мінез-құлқы АҚШ-ты үшінші дүниежүзілік соғысқа себепкер етеді» деген.

Трамптың «Твиттерде асқан белсенділік көрсетуі де қаншама рет дипломатиялық қиындықтар туғызған» деді Коркер. Бірақ нақты мысалдар келтірген жоқ.

Қатысты Мақалалар