Атамбаев «ақсақ үйрекке» теңелді, оның кетердегі айтқаны немен бітпек?

/uploads/thumbnail/20171011200000365_small.jpg

Биыл Қырғызстанда болған президент сайлауы Қазақстан халқын біраз дүрліктіріп тастады. Бауырлас халықтың президенті келе жатқан сайлауға бар күш-жігерін жұмсауда және өткен аптадан бастап, бұл науқанды Қазақстан халқы да қалт жібермей бақылап отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Мұның бәрі Атамбаевтың күтпеген жерден Қырғызстанның мемлекеттік сыйлықтарды табыстау іс-шарасында айтқан мәлімдемесінен басталған болатын. Қырғызстан президенті өз сөзінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенттігіне үміткер кандидаттарға қолдау көрсетіп жатқанын және Қазақстандағы жоғарғы экономикалық көрсеткіштерге қарамастан, үкімет қаражатының  дұрыс емес жұмсалуын айтып, Қырғызстанның ішкі саясатына араласпауын сұраған болатын.

«Ақсақ үйрек» кетер алдында күйбелең салып жатыр

«Ақсақ үйрек» - америкалық саяси жүйеде лауазымынан кетпек болған президенке берілетін лақап ат.

Қазақстандық мамандардың айтуы бойынша, Атамбаевтың президенттіктен кеткелі жатқанда айтқан сөздері қаншалықты орынсыз болса да, оның себебін түсіндіруге әбден болады.

Мәселен, саясаткер, «China Center» қазақ-қытай бірлестігінің директоры Әділ Кәукенов: «Қырғызстанда қазір тартысқа толы саяси науқан өтуде. Атамбаев үміткерлердің бірі, бұрынғы досы және серіктесі Сооронбай Жээнбековке жақтас болып тұрғаны анық. Сол себепті ол Жээнбековтың қарсыласы, Қазақстанға келген Өмірбек Бабановқа ызаланып, Қазақстан президентіне де тіл тигізді».

«Бүркіт болып көрінгісі келген ақсақ үйрек» тіркесімен саясаткер Антон Морозов та келіседі: «Атамбаев классикалық «ақсақ үйректің» мысалы, ол кетер алдында әбігерге түсуде, бірақ оған аздап епті түрде әрекет ету керек еді»,-деді ол.

Астана қырғыз саясатына араласпайды

Нұрсұлтан Назарбаевтың Бабановты қабылдауын оған тікелей қолдау көрсетуі деп қабылдау түбегейлі қате ой.

Әділ Кәукеновтың айтуынша, Астана Қызғызстанмен жақсы қарым қатынас орнату үшін барлық саяси күшті пайдалана білуі керек. Тіпті Қазақстанға сапарлап келген үміткер жеңіліп қалса да, онымен орнатылған байланыс әрдайым өз септігін тигізеді. Үміткер болашақта да Қырғызстанның лауазымды қызметтерінен көрінуі анық.

Маманның айтуынша, Қазақстан бауырлас елге экономикалық ықпал жасай алғанмен, оның ішкі саяси жағдайына араласпағаны анық.

Эмоцияға салыну бөлек, достық бөлек

Болар іс болды, алайда қазақстандық мамандар Атамабаевтың мәлімдемесі қазақ-қырғыз достастығы үшін айтарлықтай өзгеріс әкеле қоймайтындығын алға тартады.

Мәселен, саясаткер Эдуард Полетаевтың пікірінше, «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шиеленістерді күтудің қажеті жоқ, оның орнына көршілес мемлекетте сайлау науқаны еш қиындықсыз, ашулы халықтың көшеге шығуы болмай, тыныш өткенін тілейік»,-деді ол.

Еуразиялық экономикалық одақтың тыныш ұйықтауына болады 

Сарапшылар Алмазбек Атамбаевтың «эмоцияға беріліп» жасаған мәлімдемесінің ЕЭО-ға әсері жоғарыда айтылғандай, еш өзгеріс әкелмейтінін бір ауыздан қолдап отыр.

Эдуард Полетаевтың айтуынша, әзірше Қырғызстан ЕЭО-дан шығуға ниет білдірмейді.

Қатысты Мақалалар