Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше фотосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Армения президенті Сержа Саргсянның жеке фотографы Давид Акопян өзінің Фейсбуктегі парақшасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше фотосын жариялады.
Тақырыбы Nazarbayev деп жазылған фото желі қолданушылардың қызығушылығын тудырды.

Айта кетейік, 11 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесіне қатысты.