Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің 2 курс студенті Есет Нұрдәулет оқу орнында қаза болды. Ол жалпы медицина факультетінде білім алған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.
Медициналық университеттің 60 жылдығына арналған конференция кезінде 2 курс студенті қаза болды. Демікпе дертіне шалдыққан Есет Нұрдәулет сол күні мерекелік шараға қатысып, хорда ән айтуы тиіс болған.
Әлеуметтік желідегі «Я студент — ЗКГМУ» парақшасында бейтаныс сол күнгі оқиғаны баяндаған. Хатта медициналық университет ішінде жедел жәрдем бригадасы болғаны, бірақ оларда дефибриллятор (жүрек аритмиясына қарсы электронды құрылғы) болмағанын жазған. Бар болғаны 15 минутта Есет Нұрдәулет қаза болған.
Жазба авторы бұл шындықты бәрі білуі керек деп санайды.
Пікір қалдыру