Бүгін Шәкен Ниязбековтің туған күні

/uploads/thumbnail/20171012110400629_small.jpg

Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні деп хабаралайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шәкен Оңалсынұлы – Тараз жерінде 1938 жылдың 12 қазанында дүниеге келген. Шешесі жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын алған.

«Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстар суретшінің жеке көрмелеріндегі каталогтардан қомақты орын алады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының елтаңбасын да жатқызуға болады.

1992 жылы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты.
Атақты суретші 2014 жылдың 16 тамызында 75 жасында дүние салды.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар