Иракта террорист жергілікті дәмханалардың бірінде өзін жарып жіберді

/uploads/thumbnail/20171012123107153_small.jpg

Ирактың Анбар айлағының шығысында жарылыс орын алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Хит қаласының Давар ауданында террорист жергілікті дәмханалардың бірінде өзін жарып жіберген. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 15-і ауыр жарақаттанған.», - дейді Iraqi News порталының өкілі Саад Маан.

Ассошэйтед Пресс агенттігі 15 адамның ауыр жарақаттанып, 11-і қаза тапты деп хабарлады.

Ирак мемлекетінің басым бөлігін басып алған ДАИШ террористер тобының кесірінен елде абыржу басылар емес. Содырлар көптеген дүрбелеңдер туғызып, салдарынан кінәсіз тұрғындар жапа шегуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар