Биыл экономикалық тиімді дәрі-дәрмектердің есебінен тегін амбулаторлық қамсыздандыру үшін дәрілердің тізімі кеңейтілді және қайта қаралды. Мысалы, жұқпалы С гепатитін емдеу үшін қымбат және тиімділігі төмен пегилировтік (60%) интерферонды терапиясы анағұрлым тиімді (98%) тізбесіне ауыстырылды. Осылайша бюджетті сақтай отырып, дерттен айығушылардың санын 500-ден 8000-ға дейін арттыра алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, фармацевтика саласындағы нысандарды тексеру кезінде орталық аппараттың фарма тексерушілерінің қатысуы бақылауға алынады. Бұл іс-шара министрлік тарапынан жемқорлықты алдын алу мақсатында жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.
- Еліміздегі дәрілік заттарды қамтамасыз ету саласындағы барлық реформалар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылған. Барлық тізімдерді реттеу жүйелі тәсілде өтеді,- деді Людмила Бюрабекова.
Бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.
Пікір қалдыру